Бұл маусым қарағандылық команда үшін ерекше болмақ. «Шахтер» W бірнеше жылдық үзілістен кейін елдің әйелдер футболының жоғары дивизионына қайта қосылды. Команданың қайта жандануына клубтың жекеменшікке өтуі және оны дамыту бойынша жүйелі жұмысы өз ықпалын тигізді.
Маусымға дайындық аясында команда оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, алдағы сын-қатерлерге жақсы дайындықпен келді.
Бірінші тур аясында «Шахтер» W өз алаңында Семей қаласының «Елімай» командасын қабылдайды.
Кездесу Қарағандыдағы «Шахтер» стадионының қосалқы алаңында өтеді. Басталуы — 16:00.

Шахтёр
Экибастуз
