Клуб жаңалықтары

6 June, 20:21

«ШАХТЁР» FREEDOM QJ LEAGUE CYBER CUP 2026 ТУРНИРІНІҢ ЖАРТЫЛАЙ ФИНАЛЫНА ШЫҚТЫ

Алматы қаласында өтіп жатқан Freedom QJ League Cyber Cup 2026 турнирінде іріктеу және ширек финалдық кездесулер аяқталды. Биыл дәстүрлі киберспорттық турнир алғаш рет жаңа бағыт — Counter-Strike 2 ойыны бойынша ұйымдастырылып 

Топтық кезең қорытындысы бойынша турнирдің LAN-сатысына сегіз үздік команда жолдама алды. Олардың қатарында қарағандылық «Шахтёр» командасы да бар. Келесі кезеңге шығу үшін біздің команда «Жайықпен» кездесіп, жеңіске жетті. Енді «кеншілер» жартылай финалда «Каспий» командасымен күш сынасады.

Турнирдегі «Шахтёр» командасының құрамы:

Виталий «xokeny» Сивцов

Ян «Palachgafom1958» Владовский

Кирилл «eremch1k» Ермаков

Рамазан «K4MPL» Кокишев

Артём «Fly1ng» Ишин

«Шахтёр» футбол клубы Академиясының медиаофицері Данияр Ахметов жарыстың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті:

«Ең алдымен Freedom QJ League Cyber Cup 2026 турнирінің жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өткім келеді. QJ League қатысушыларға іріктеу кезеңінен бастап шешуші матчтарға дейін тамаша жағдай жасады. Ұйымдастырушылардың техникалық қамтамасыз етуден бастап жарыстың жалпы атмосферасына дейін көңіл бөлгені байқалады.

Лиганың киберспорт бағытын дамытып, жаңа дисциплиналарды енгізіп жатқаны қуантады. Counter-Strike 2 ойынына көшу қатысушылар арасында үлкен қызығушылық тудырған маңызды қадам болды. Ұйымдастырушыларға кәсіби көзқарастары және ойыншыларымызға осындай беделді турнирде өздерін көрсетуге мүмкіндік бергендері үшін алғысымызды білдіреміз».

Шешуші кезең алдындағы өз ойымен «Шахтёр» командасының ойыншысы Виталий Сивцов бөлісті:

«Freedom QJ League Cyber Cup 2026 турнирін жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін ұйымдастырушыларға алғыс айтқым келеді. Барлығы өте кәсіби түрде ұйымдастырылған: жарыстың ыңғайлы форматы, тамаша ойын жағдайлары және сапалы техникалық қолдау.

Осындай ауқымды турнирдің бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз және өзімізді жоғары деңгейде көрсету мүмкіндігі үшін QJ League ұйымына ризамыз. Алда ең маңызды матчтар күтіп тұр, біз «Шахтёрдың» намысын лайықты қорғап, чемпиондық атақ үшін соңына дейін күресуге бар күшімізді саламыз».

Турнирдің шешуші матчтары, соның ішінде гранд-финал, 7 маусым күні өтеді.

Ойыншыларымызға қолдау білдірейік!

Наверх