Іріктеу кезеңіне қатысқан командалар төрт топқа бөлінді. «Шахтер» D тобында ҚФФ Академиясы, «Елімай», «Алтай» және «Қайрат» командаларымен бірге өнер көрсетті.
Турнир регламентіне сәйкес, U-15-тен U-18-ге дейінгі төрт жас санатындағы командалар топтарға кездейсоқ түрде бөлінді. Топтық кезең матчтары айналым жүйесі бойынша BO1 (Best of 1) форматында өтті.
Топтық кезең қорытындысы бойынша әр топтан үздік екі команда 6–7 маусым күндері өтетін LAN-кезеңіне жолдама алды.
«Шахтер» іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, бес матчтың төртеуінде жеңіске жетіп, плей-офф кезеңіне шықты.

Шахтёр
Елимай Ж
