QJ League турнирінің 13-туры аясында «Шахтер» U-18 өз алаңында «Ертіс» U-18 командасын қабылдап, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.
Матчты алғашқы минуттардан Байжан Асхат, Данил Золкин, Жәнібек Жайлаубек, Кирилл Сатжанов, Дамир Юсупбеков, Расул Әкімов (к), Айбатолла Шулаков, Артем Алексеев, Александр Яковлев, Дигдар Омаров және Илья Гезик бастады.

Кездесудің 10-минутында «Шахтер» U-18 командасының әрі QJ League чемпионатының үздік сұрмергені Расул Әкімов есеп ашты. Бұл оның биылғы маусымдағы 13-голы болды.

Екінші таймда «кеншілер» басымдығын еселей түсті. 52-минутта Артем Алексеев қатарынан екінші матчта мергендігімен көзге түсіп, есепті 2:0-ге жеткізді.

Ал 64-минутта Данил Золкин үшінші голды соғып, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 3:0.

Игорь Солошенко шәкірттері кездесуді сенімді аяқтап, кезекті үш ұпайды өз еншілеріне жазды.

Тобыл М
Шахтёр


