«Кеншілердің» негізгі құрамында Алихан Шайзада, Жәнібек Жайлаубек, Нұрхан Қағазбаев, Кирилл Сатжанов, Дамир Юсупбеков, Расул Акимов (к), Айбатолла Шулаков, Артем Алексеев, Александр Яковлев, Рустам Сайфимилюков және Дигдар Омаров алаңға шықты.
Есеп ойынның 3-минутында ашылды. Бұрыштамадан асырылған доптан кейін айып алаңында бірінші болып Артем Алексеев допқа жетіп, оны бір ғана жанасумен қарсылас қақпасына дәл бағыттады.
Екінші таймда «Шахтер» басымдығын еселей түсті. Матчтың 74-минутында Расул Акимовтың айып добынан жасаған дәл пасынан кейін Нұрхан Қағазбаев баспен гол соқты.
Осылайша, кездесу «Шахтер» U-18 командасының 2:0 есебіндегі сенімді жеңісімен аяқталды.



