Шахтер QJ лига

22 February, 19:15

«ШАХТЕР» U-17 РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АРМАН» ТУРНИРІН ЖЕҢІСПЕН БАСТАДЫ

22 ақпан мен 3 наурыз аралығында Шымкент қаласында 2010 жылы туған жасөспірімдер командалары арасында республикалық «Арман» турнирі өтуде.

«Шахтер» U-17 командасы В тобында өнер көрсетуде. «Кеншілердің» қарсыластары — «Атырау», «Тараз», «Қайсар», «Каспий» және «Академия КФФ U-16» командалары.

Турнирдегі алғашқы ойынын «Шахтер» U-17 «Академия КФФ U-16» командасына қарсы өткізіп, 1:0 есебімен жеңіске жетті. Кездесудегі жалғыз голды 67-минутта Никита Духов соғып, командасына алғашқы үш ұпайды сыйлады.

«Арман» турниріне қатысу — команда үшін алдағы QJ League чемпионаты қарсаңында өз мүмкіндіктерін, ойын тәртібін және функционалдық дайындығын тексеруге тамаша мүмкіндік. «Шахтер» U-17 алдағы маусымда жоғары мақсаттарды көздеп отыр.

Наверх