«Шахтер» U-17 командасының негізгі құрамында алаңға Арслан Қуандықов, Мәди Құдайберген, Егор Шевченко, Әмір Оспанов, Елдар Жолдықанов, Ярослав Туницкий (капитан), Владислав Солошенко, Әли Садырбаев, Тимур Казанцев, Никита Духов және Альтаир Рапильбек шықты.

Кездесу тартысты әрі қатаң күреске толы өтті. Алаңның әр бөлігінде ойын үшін қызу тартыс жүрді. Рафаэль Хамидуллов шәкірттері өз мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, жеңіске жетті. Бірінші тайм аяқталар тұста Альтаир Рапильбек есеп ашса, екінші таймға қосылған қосымша уақытта Никита Духов матчтың қорытынды нүктесін қойды.

Қорытынды есеп – 2:0. Осы жеңістің арқасында «Шахтер» U-17 QJ League турнирлік кестесіндегі көшбасшылық орнын сақтап қалды.




