Жаңалықтары академия

26 July, 20:34

«ШАХТЕР» U-16 «ТАРАЗ» U-16 КОМАНДАСЫМЕН ТЕҢ ТҮСТІ

QJ League додасының 12-туры аясында «Шахтер» U-16 өз алаңында «Тараз» U-16 командасымен тең түсті.

«Шахтер» U-16 командасының негізгі құрамында алаңға Нұрасыл Тортаев, Нұрым Еркенұлы, Арлан Алтыбаев, Мұхамеджан Бақытжан, Арлан Ораз, Малик Сабитов, Диниал Қанашжанов, Әділет Бораналы (к), Темірлан Байбулатов, Әлихан Кәрім және Тимур Дамирұлы шықты.

Кездесу барысында «Шахтер» U-16 ойын тізгінін өз қолында ұстап, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Алайда бірінші таймның соңында қорғаушының қателігінен команда «киім ауыстыратын бөлмеге гол жіберіп» кетті.

Екінші таймда ойын өрнегі өзгерген жоқ. «Шахтер» U-16 шабуылын үдете түсіп, тек қосымша уақытта есепті теңестірді. Голдың авторы – Әділет Бораналы.

Ойын 1:1 есебімен аяқталды.

Наверх