Турнир 8–19 наурыз аралығында Шымкент қаласында өтеді және еліміздің ең мықты жасөспірімдер командаларын жинады. Қарағандылық команда «B» тобында өнер көрсетеді. Бұл топтағы қарсыластары: «Каспий» (Ақтау), «Тобыл» (Қостанай), «Жас Қыран» (Алматы), «Оңтүстік» (Шымкент) және «Елімай» (Семей).
«Шахтер» U-16 командасының ойын кестесі:
9 наурыз / 12:30
«Шахтер» — «Жас Қыран»
11 наурыз / 12:30
«Шахтер» — «Тобыл»
13 наурыз / 12:30
«Елімай» — «Шахтер»
15 наурыз / 14:30
«Шахтер» — «Оңтүстік»
17 наурыз / 10:30
«Каспий» — «Шахтер»
«Жастар» турнирі біздің команда үшін алдағы QJ League жарысының алдында маңызды ойын тәжірибесі мен дайындық кезеңі болмақ. Айта кетейік, «Шахтер» U-16 командасы бұл лигада алғаш рет өнер көрсетеді. Осындай турнирлер жас футболшыларға қажетті тәжірибе жинақтап, жаңа маусымға сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.

Шахтёр
Түркістан
