Жаңалықтары академия

4 July, 19:46

«ШАХТЕР» U-16 «ҚАЙРАТ» U-16 КОМАНДАСЫНА ҚАРСЫ МАТЧ ӨТКІЗДІ

QJ League турнирінің 10-туры аясында «Шахтер» U-16 өз алаңында «Қайрат» U-16 командасын қабылдады.

«Шахтердің» негізгі құрамында алаңға Нұрасыл Тортаев, Расул Ғаббасали, Арлан Алтыбаев, Мұхамеджан Бақытжан, Арлан Ораз, Диниал Қанашжанов, Максим Бонет, Адилет Бораналы (к), Темірлан Байбұлатов, Әлихан Кәрім және Тимур Дамирұлы шықты.

10-турдың орталық кездесуі жанкүйерлердің ерекше қызығушылығын тудырды. Себебі екі команда да бұл ойынға дейін бірде-бір рет жеңіліс көрмеген еді. Алғашқы тайм тартысты өтіп, қос команда да есеп аша алмады.

Үзілістен кейін ойын тізгінін қонақтар өз қолына алып, «Шахтердің» қақпасына жауапсыз үш гол соқты. Қорытынды есеп — 0:3, «Қайрат» U-16 командасының пайдасына.

Осылайша, «Шахтер» U-16 командасы QJ League турниріндегі биылғы маусымдағы алғашқы жеңілісіне ұшырады.

Наверх