«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Нурасыл Тортаев, Нурым Еркенұлы, Арлан Алтыбаев, Мухамеждан Бақытжан, Даниал Канашжанов, Самир Рыскул, Максим Бонет, Әділет Бораналы, Темірлан Байбулатов, Алихан Карим және Тимур Дамирұлы шықты.

Бірінші тайм тартысты әрі тең деңгейде өтті. «Шахтердің» қақпашысы Нурасыл Тортаев бірнеше рет командасын құтқарып қалды. Таймның соңына қарай «кеншілер» есеп ашты — Максим Бонет гол авторы атанды. Үзіліске командалар 1:0 есебімен «Шахтер» U-16 пайдасына кетті.
Екінші таймда алаң иелері белсенді әрекет етіп, бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Соның бірінде Ермұхамед Еркінұлы 52-минутта есепті теңестірді. Алайда көп ұзамай, 56-минутта Темірлан Байбулатов екінші голды соғып, ол матчтағы жеңіс добына айналды.
Команданың бас бапкері — Павел Степанович Заяц. Ол өткен маусымда «Шахтер» U-18 командасын қола жүлдеге жеткізген болатын.

Шахтёр
Экибастуз
