Жаңалықтары академия

28 June, 20:47

«ШАХТЕР» U-16 «КАСПИЙ» U-16 КОМАНДАСЫН ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ

QJ League турнирінің тоғызыншы турында «Шахтер» U-16 командасы Ақтауда жергілікті «Каспий» U-16 ұжымын 5:1 есебімен ірі жеңіске жетті.

«Шахтердің» негізгі құрамында алаңға Артем Назаров, Арлан Алтыбаев, Расул Габбасали, Мұхамеджан Бақытжан, Арлан Ораз, Максим Бонет, Әділет Бораналы (к), Темірлан Байбулатов, Әлихан Кәрім, Нұрислам Қуанбаев және Тимур Дамирұлы шықты.

Чемпионат көшбасшысына лайық ойын көрсеткен «Шахтер» кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ бастаманы өз қолына алды.

Есеп 6-минутта ашылды. Айып алаңына жасалған әуелете берілген пастан кейін Максим Бонет баспен қақпаға соққы жасады. Алаң иелерінің қақпашысы допты ұстай алмай, ол қақпаға еніп кетті. Бұл гол төрешілер хаттамасында автогол ретінде тіркелді.

12-минутта Әлихан Кәрім допты өз алаңының жартысынан қабылдап, сол қапталмен жылдам алға ұмтылып, айып алаңына кірген соң дәл соққымен есепті 2:0-ге жеткізді.

25-минутта команда капитаны Әділет Бораналы мергендігімен көзге түсіп, «Шахтердің» үшінші голын соқты.

Екінші таймның басында алаң иелері есеп айырмасын қысқартты. 49-минутта «Каспий» өз жалғыз голын соққанымен, одан әріге шамалары жеткен жоқ.

Кездесудің қалған бөлігінде «Шахтер» қарымта шабуылдарды өте тиімді пайдаланды. 59-минутта жылдам ұйымдастырылған шабуылды Тимур Дамирұлы нәтижелі аяқтап, есепті 4:1-ге жеткізді. Ал 63-минутта Темірлан Байбулатов матчтағы соңғы голды соғып, ойынның қорытынды есебін – 5:1 етті.

Осылайша, «Шахтер» U-16 жеңісті сериясын жалғастырып, чемпионаттағы көшбасшылық орнын сақтап келеді. Команда осы уақытқа дейін тек бір кездесуде ғана тең түсіп, қалған матчтардың барлығында жеңіске жетті.

 

Наверх