Жаңалықтары академия

14 June, 14:44

«ШАХТЕР» U-15 ҚЫЗЫЛОРДАДА ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

«Шахтер» U-15 командасы QJ League додасының 7-туры аясында сырт алаңда «Қайсар» U-15 командасымен кездесіп, 2:0 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді.

«Шахтер» U-15 командасының бастапқы құрамы: Асхат Амангелді, Никита Герасимов, Әлияр Қалиев, Әлішер Қанат, Біржан Мәжит, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов (к), Алдияр Көкубаев, Нұржан Мұхатай, Әділ Жайлаубай, Михаил Матюхин.

Есеп 24-минутта ашылды. Әлияр Қалиев орындаған айып добынан кейін Әлішер Қанат баспен дәл соққы жасап, командасын алға шығарды.

Бірінші таймның соңында «кеншілер» басымдықты еселей түсті. 45-минутта Вячеслав Чистяков пенальтиді сәтті орындап, матчтың қорытынды есебін белгіледі — 2:0.

Екінші таймда «Шахтер» футболшылары қорғаныста сенімді ойын көрсетіп, өз басымдықтарын сақтап қалды және кездесуді жеңіспен аяқтады.

Осылайша, «Шахтер» U-15 командасы QJ League чемпионатындағы қоржынына кезекті үш ұпайды қосты.

 

 

Наверх