Жаңалықтары академия

20 June, 12:48

«ШАХТЕР» U-15 КОМАНДАСЫ «ОРДАБАСЫ» U-15 КОМАНДАСЫН ЖЕҢДІ

QJ League турнирінің сегізінші турында «Шахтер» U-15 командасы өз алаңында «Ордабасы» U-15 командасын қабылдады.

«Кеншілердің» бастапқы құрамында Асхат Амангелді, Никита Герасимов, Әлияр Қалиев, Әлішер Қанат (к), Біржан Мәжит, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов, Алдияр Көкубаев, Нұржан Мұхатай, Әділ Жайлаубай және Михаил Матюхин алаңға шықты.

Аптап ыстық ойын барысына өз әсерін тигізді. Командалар матчқа бірден бейімделе алмай, ойынның басым бөлігін алаңның ортасында өткізді. Бірінші тайм голсыз тең аяқталды.

Үзілістен кейін бастаманы алаң иелері қолға алды. 46-минутта Нұржан Мұхатай айып алаңы сыртынан алыстан соққы жасап, дәл көздеді — 1:0.

Игорь Маштаковтың шәкірттері матч соңына дейін басымдықтарын сақтап қалып, чемпионаттағы кезекті үш ұпайына қол жеткізді.

 

 

Наверх