Жаңалықтары академия

26 July, 14:06

«ШАХТЕР» U-15 «ТАРАЗ» U-15 КОМАНДАСЫН ІРІ ЕСЕППЕН ЖЕҢДІ

QJ League додасының 12-туры аясында «Шахтер» U-15 өз алаңында «Тараз» U-15 командасын қабылдап, 4:1 есебімен ірі жеңіске жетті.

«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Саид Кундақбаев, Никита Герасимов, Әлішер Қанат (к), Біржан Мәжит, Вячеслав Чистяков, Виктор Спиридонов, Алдияр Көкубаев, Ерасыл Әбілда, Ералы Ермек, Әділ Жайлеубай және Михаил Матюхин шықты.

Алаң иелері есепті кездесудің 7-минутында ашты. Ерасыл Әбілда сол қапталмен айып алаңына сәтті еніп, жеке шеберлігінің арқасында қарсылас қақпасын дәл көздеді. Арада үш минут өткенде қонақтар таразы басын теңестіргенімен, матчтың қалған бөлігінде тек «Шахтер» ойыншылары ғана гол соқты.

54-минутта «Тараз» ойыншысы өз айып алаңында ереже бұзып, төреші пенальти белгіледі. Он бір метрлік айып добын Виктор Спиридонов мүлт жібермей орындап, командасын қайтадан алға шығарды.

Арада он минут өткен соң қонақтар өз айып алаңында тағы да тәртіп бұзды. Бұл жолы пенальтиді Дарын Шалман дәл орындап, есепті 3:1-ге жеткізді.

Қосымша уақытта Данил Чухровтың нәтижелі пасынан кейін Дарын Шалман баспен гол соғып, дубль авторы атанды. Осылайша ойынның қорытынды есебі – 4:1.

Игорь Маштаков шәкірттері сенімді жеңіске қол жеткізді.

Наверх