Жаңалықтары академия

10 June, 09:14

«ШАХТЕР» U-14 «ҚФФ ЖАСТАР» ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ЕКІНШІ ТУРЫНДА СӘТТІ ӨНЕР КӨРСЕТТІ

Талдықорған қаласында 2013 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасында өткен «ҚФФ Жастар» чемпионатының екінші туры аяқталды.

Бапкерлер штабының жетекшілігімен өнер көрсеткен «Шахтер» U-14 командасы – Ақбар Тахирович Маматалиев пен Жасұлан Жұмабекұлы Садықовтың шәкірттері – сенімді ойын өрнегін көрсетіп, үш матчтың барлығында жеңіске жетті.

Тур нәтижелері:

«Шахтер» – «Локомотив» – 5:0

«Шахтер» – «Ұлытау» – 8:0

«Шахтер» – «Жетісу» – 3:0

Алты тур қорытындысы бойынша «Солтүстік-Шығыс» конференциясында «Шахтер» командасы 15 ұпаймен турнирлік кестенің үшінші сатысында тұр. Қарағандылықтардың еншісінде 5 жеңіс және 1 жеңіліс бар. Доп айырмасы да әсерлі көрсеткішке ие – 28:1.

Команда мен бапкерлер штабын сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймыз және алдағы ойындарда толағай табыстар тілейміз!

Наверх