«Шахтёр» мен «Коканд 1912» командалары арасындағы матч өзбекстандық ұжымның 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.
Бірінші таймда «кеншілер» сапында алаңға Шацкий, Богачев, Васильченко, Таипов, Ахмедов, Асылбаев, Оспанов, Айманов, Нурмугамет, Азамат және Қалыбаев шықты.
Екінші таймда бапкерлік штаб алаңға келесі ойыншыларды шығарды: Нұрғалиев, Зайнетдинов, Зубайділда, Рудосельский, Габышев, Красотин, Ақылбаев, Мигунов, Макридов, Орынбасар және Саутов.
«Кеншілер» құрамындағы жалғыз голдың авторы — Роман Асылбаев.
«Шахтёр» келесі жолдастық кездесуін 12 ақпанда ресейлік «Ленинградец» командасына қарсы өткізеді.

Шахтёр
Түркістан
