Бүгін «кеншілер» бір күнде екі матч өткізетін болғандықтан, бапкерлер штабы алаңға бастапқы құрамды шығарды: Килджиев, Богачев, Мигунов, Таипов, Габышев, Красотин, Оспанов, Айманов, Прокопенко, Нурмугамет, Литош.
Жаңа маусымға ойыншыларды іріктеу және құрамды пысықтау мақсатында өткен кездесу 3:2 есебімен қарсылас команданың пайдасына аяқталды. «Шахтер» сапында гол авторлары — Прокопенко мен қосалқы құрамнан алаңға шыққан Саутов.
Кешкі уақытта команда тағы бір жолдастық матч өткізеді. Бұл жолы қарсылас — Өзбекстанның «Газалкент» клубы.

Шахтёр
Түркістан
