
20 ақпан мен 5 наурыз аралығында команда қолайлы климаттық жағдайда жаңа маусымға жоспарлы дайындықты жалғастырады. Оқу-жаттығу жиыны барысында жаттықтырушылар штабы футболшылардың функционалдық дайындығын арттыруға, тактикалық әрекеттерді жетілдіруге және ойын байланыстарын нығайтуға ерекше көңіл бөледі.
Сондай-ақ бірнеше бақылау матчтарын өткізу жоспарланған. Бұл кездесулер команда құрамын тексеруге, әртүрлі ойын үйлесімдерін сынауға және барлық футболшыларға ойын тәжірибесін беруге мүмкіндік береді. Үшінші жиын алдағы ресми ойындар алдында маңызды кезең болып, «Шахтердің» маусымды жоғары деңгейде бастауына негіз қалайды.


Шахтёр
Түркістан
