Футбол орталығы

22 July, 17:47

ӘР ҚАДАМ – КҮШТІ ЖӘНЕ ЖАҚСЫ!

«Шахтер» ФК футбол орталығында жаттықтырушылар штабына арналған «Қарсыласты талдау және алдағы ойынға дайындық» тақырыбында микросеминар өтті. Спикер ретінде футбол орталығының басшысы – Бельгибаев Валерий Нурланұлы сөз сөйледі.

Кездесу барысында алдағы ойынға дайындықтың әртүрлі аспектілері жан-жақты талқыланып, жаттықтырушының ойын алдындағы командамен жұмыс жүргізуіндегі негізгі тұстар қарастырылды. Семинар аясында келесі сұрақтарға жауап берілді:

- Қарсыластың әлсіз және мықты тұстарын қалай анықтауға болады?

- Жаттығу үдерісін нақты қарсыласқа қалай бейімдеу керек?

- Ойынға берілетін нұсқау ойыншылардың психологиясы мен нәтижеге қалай әсер етеді?

- Ойыншыларды қалай артық жүктемей, басты нәрсеге назар аудартуға болады?

Осындай іс-шаралар жаттықтырушылардың кәсіби өсуіне ықпал етіп, команданы біртіндеп – қадам-қадаммен, жаттығу сайын – күшейтуге көмектеседі.

Наверх