— Жалпы, QJ League әрдайым жоғары деңгейде жұмыс істейді, өткен баспасөз конференциясы мен семинар соның айқын дәлелі болды. Лига төртінші маусымын өткізуде, және маусым алдында барлығының жігері жоғары екені байқалады. Барлығы өте жақсы, сапалы деңгейде ұйымдастырылған.
Әріптестерімізбен кездесіп, пікір алмасып, өзекті мәселелер мен жаңашылдықтарды талқылағанымызға қуаныштымыз. Барлық процестер бойынша нақты түсінік қалыптасты, енді бірінші турды асыға күтіп отырмыз.
Баспасөз конференциясында лиганың жаңа стратегиялық серіктестері — SCAT Airlines және UNICEF туралы білдік. Бұл біз үшін жағымды жаңалық болды. Сонымен қатар бұрынғы серіктестермен келісімшарттар ұзартылды.
Семинардың спорттық бөлімінде регламенттегі өзгерістер талқыланды. Өтінім беру форматы өзгерді, 2009 жылы туған ойыншылар үшін қосымша орындар қарастырылған. Сондай-ақ жас ерекшелігі бойынша кіші топ қосылып, балалар мен жасөспірімдер футболының толық жүйесі қалыптасты.
Енді әр демалыс сайын өз алаңымызда ойындар өтеді. Бұл, әрине, қызметкерлерге қосымша жүктеме түсіреді, бірақ біз оған дайынбыз.
Сонымен қатар жаңа маусымда Big Bro платформасы қолданылады. Ол ойыншылардың технико-тактикалық және фитнес көрсеткіштерін талдауға мүмкіндік береді. Біз бұл жүйемен оқу-жаттығу жиындарында ішінара жұмыс істеп көрдік. Әзірге деректердің дәлдігіне толық баға беру ерте, бірақ пікірлерге қарағанда бұл сапалы құрал.
Бұл платформа біздің ішкі процестерімізді жүйелеуге, талдау мүмкіндіктерін кеңейтуге және ойыншылардың дамуына оң әсер етеді деп сенемін, — деді Сергей Якушин.

Шахтёр
Окжетпес
Кайрат-Жастар
