Өмірден қазақ футболымен тағдыры тығыз байланысты болған жан өтті. Серік Сәрсембайұлы футболдағы алғашқы қадамдарын “Шахтёр” футбол клубының дайындық тобында бастады. 1965 жылдан бастап «Шахтёр» дублінде ойнады, 1966 жылы «А» класының екінші тобында үш ойын өткізіп, бір гол соқты. 1967–1970 жылдары Теміртаудың «Металлург» / «Строитель» командаларында өнер көрсетті. Ойыншы ретіндегі мансабын 1973–1975 жылдары «Шахтёр» клубында қорғаушы болып аяқтады.
Бас бапкер ретінде Серік Бердалин екі мәрте Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері атанды (1995 — «Шахтёр», 1998 — «Ертіс»).
Серік Сәрсембайұлы Бердалин тек білікті маман ғана емес, сондай-ақ тәрбиелеген жандарға шабыт, қолдау көрсетіп, оларға сенім бере білген тұлға еді.
«Шахтёр» футбол клубы Серік Сәрсембайұлы Бердалиннің қайтыс болуына байланысты шын жүректен көңіл айтады. Оның жарқын бейнесі оны жақын білгендердің, әріптестерінің, шәкірттерінің және онымен бірге жұмыс істеген барлық жандардың жүрегінде мәңгі сақталады.

Шахтёр
Түркістан



