«Шымкенттік «Ордабасы» клубын чемпиондық атағымен құттықтаймыз!
Жеке қолға өткен клубтың осындай жетістіктерге жетіп жатқанын көру қуантады. Біз өз тәжірибемізден мұның артында үлкен жұмыс, ерен еңбек және клубтың әр деңгейіндегі мамандардың жанкештілігі тұрғанын жақсы білеміз.
Клубтарымыздың дамып, күшейіп, бір-біріне жаңа межелер белгілеп жатқанын көру қуантады. Осындай бәсекелестік қана отандық футболды алға жетелеп, оның дамуына серпін беретініне сенімдіміз.
«Ордабасы» клубына қол жеткізген жетістіктермен шектелмей, жаңа белестерді бағындырып, жанкүйерлерін жарқын жеңістерімен қуанта беруіне тілектеспіз!
КПЛ-дің жаңа маусымында кездескенше! Алда бізді қызықты әрі тартысты ойындар күтіп тұрғанына сенімдіміз!»

Шахтёр
Кайрат-Жастар


