Логотипті жасау кезінде біздің өңірдің барлық ерекшеліктері мен дәстүрлері ескерілді.
Негізгі эмблема Қарағандының символы болып табылатын, террикондарды бейнелейтін стильдендірілген жоғарғы бөлігі бар геральдикалық қалқан. Қалқанның ортасында «Football Club» және «Qaragandy» мәтінімен қоршалған 1958 жылғы тарихи доп орналасқан. Олардың артында тау-кен ісін бейнелейтін және кеншілердің тарихи құралы болып табылатын екі қиылысқан қайла бар. Орталық композицияның артында клуб түстеріндегі классикалық тік жолақтар орналасқан, ал олардың үстінде атау бар.
Бұл логотип – жай ғана жаңарту емес. Бұл біздің өткеніміз, бүгініміз және болашағымыз бір белгіде.