Футбол орталығы

24 May, 18:49

АҚТАУДАҒЫ ІРІ ЖЕҢІС!

QJ League VI туры аясында қарағандылық «Шахтер» U-18 Ақтауда жергілікті «Каспий» U-18 командасын 9:1 есебімен жеңді! 

Кездесудің басты кейіпкері Глеб Олейник болды, ол алаңда өткізген 70 минутта хет-трикті безендіре алды (10`, 25`, 55`). Сондай - ақ, өткен ойында Найман Сатенов (18` - пенальти), Илья Гезик (52`), Нұрхан Қағазбаев (66`), Рамазан Орал (67`), Глеб Макридов (71`) және Инсар Абылгазин (80`) көзге түсті. Келесі ойынды «Шахтер» U-18 командасы 21 маусымда өз алаңында павлодарлық «Ертіс» командасымен өткізеді.

Наверх