Жаңалықтары академия

13 June, 20:56

«ШАХТЁР» U-18 КОМАНДАСЫНЫҢ АЙҚЫН ЖЕҢІСІ!

Игорь Александрович Солошенко жетекшілік ететін «Шахтёр» U-18 командасы Freedom QJ League турнирінің жетінші турында «Қайсар» U-18 командасын 8:0 есебімен тас-талқан етіп жеңді.

Күрделі ауа райы жағдайына қарамастан – найзағай ойнап, күн күркіреп, нөсер жаңбыр жауғанына қарамастан, алаңда нағыз футбол мерекесі өтті.

Расул Акимов хет-трик авторы атанса, Алён Пак дубль жасады. Сонымен қатар Александр Яковлев, Мейірлан Балтабаев және Даниал Амантай бір-бір голдан өз еншілеріне жазды.

Гол авторлары: Расул Акимов – 16’, 42’, 53’, Алён Пак – 28’, 75’, Александр Яковлев – 47’, Мейірлан Балтабаев – 60’, Даниал Амантай – 87’

Осы кездесуде үш мәрте мергендік танытқан Расул Акимов Freedom QJ League турнирінің үздік сұрмергендері тізімінде бірінші орынға көтерілді. Ал «Шахтёр» командасы турнир кестесіндегі жоғары орындар үшін күресін жалғастырып, чемпиондық амбициясын тағы бір мәрте дәлелдеді.

 

Наверх