«Шахтер» U-17 командасы өз алаңында қостанайлық «Тобыл» командасын қабылдады. Қарсыластың қақпасына 8 жауапсыз доп соғылды. Бұл матчта «кеншілер» құрамында гол соққандар: Кирилл Ермаков (28'), Дигдар Омаров (43'), Мейірлан Балтабаев (50', 82'), Артем Алексеев (53'), Расул Акимов (55') және Рустам Сайфимилюков (58', 60'). Келесі матчты «Шахтер» U-17 командасы 19 шілдеде Шымкентте жергілікті «Ордабасы» командасына қарсы өткізеді.