— Жиындар өте жоғары деңгейде өтуде. Күніне екі рет жаттығамыз, тамақтану, ұйқы режимі мен тәртіп — барлығы өте жақсы ұйымдастырылған. Бапкерлер штабы кәсіби, біз жаңа маусымға сапалы дайындалып жатырмыз. Командалық мақсат — чемпион атанып, Чемпиондар лигасында өнер көрсету.
Өткен маусымды қорытындылай келе, Расул алға ұмтылу қажеттігін атап өтті:
— Өткен маусым жаман болған жоқ, бірақ әрдайым өсетін мүмкіндік бар. Біз жұмыс істейміз, дамимыз және тағы да еңбек етеміз — күшейе түсу үшін.
Жеке мақсаттары туралы айта отырып, футболшы халықаралық деңгейде дамуға ұмтылысын білдірді:
— Өзім үшін Қазақстан құрамасында ойнауды, QJ League All Star қатарына ену мен командамен бірге чемпион атанып, Чемпиондар лигасында ойнауды мақсат етемін.

Шахтёр
Түркістан



