Клуб жаңалықтары

19 March, 23:00

РАФАИЛЬ ОСПАНОВ — «ФУТБОЛ ПЛЮС» БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚОНАҒЫ

Бүгін Рафаиль Оспанов Sport+ Qazaqstan телеарнасындағы «Футбол Плюс» бағдарламасының қонағы болды. Бағдарлама жүргізушісі, танымал қазақстандық спорт журналисі Дмитрий Нестеренкомен бірге команда дайындығын талқылап, Қазақстан Премьер-Лигасының екінші турының қорытындысын шығарды.

Сұрақтарға жауап бере отырып, Рафаиль Оспанов былай деді:

«Қазіргі таңда “Шахтёр” футбол клубы оңтайлы физикалық жағдайға жақындап келеді. Қазір чемпионаттың басталуына дайындықтың соңғы кезеңі өтуде. Бірінші турға 100 пайыз дайынбыз деп ойлаймын».

 

Сондай-ақ, ол клубтың жекеменшікке өтуі туралы пікір білдірді:

«Қазақстан футболында мұндай өзгерістердің болғаны өте қуантады. Клубқа жаңа басшылық пен жаңа адамдардың келуімен ұйым жұмысы жоғары деңгейге көтерілді — алаңда да, алаңнан тыс жерде де. Біз ең жақсы жағдайда дайындалып жатырмыз және жаңа маусымда бар күшімізді көрсетеміз».

Наверх