Жаңалықтары академия

12 August, 16:27

QJ LEAGUE ӨКІЛДЕРІ «ШАХТЁР» АКАДЕМИЯСЫНА ЖҰМЫС САПАРЫМЕН КЕЛДІ

Сапар аясында Бауыржан Сағындықтың жетекшілігіндегі QJ League-тің Спорттық-сараптамалық бөлімінің өкілдері үшін семинар ұйымдастырылды.

Кездесу барысында Академиядағы жұмыс жүйесі, ішкі үдерістер және соңғы алты айда атқарылған жұмыстар мен қол жеткізілген нәтижелер таныстырылды.

Семинар үш негізгі бағыттан тұрды: фитнес, аналитика және ойыншының жеке дамуы. Әр бөлімде мамандар күнделікті жұмыста қолданылатын тәжірибелерімен бөлісті.

 

Наверх