«Кеншілердің» негізгі құрамында алаңға Арслан Қуандықов, Мади Құдайберген, Абылай Тоқтасын, Мирас Амангелді, Ярослав Туницкий (к), Амир Оспанов, Владислав Солошенко, Әли Садырбаев, Тимур Казанцев, Арнұр Қуандықұлы және Артем Лящук шықты.
Ойынның 6-минутында Әли Садырбаевтың өрескел ойынынан кейін қарағандылықтар алаңда бір ойыншыға кем қалды. Осыған байланысты команданың бас бапкері Рафаэль Хамидуллов ойын өрнегін өзгертуге мәжбүр болды. Бірінші тайм аяқталғанша есеп ашылған жоқ.
Екінші таймда бапкерлер штабы бірнеше ауыстыру жасады. Алаңға жергілікті тәрбиеленушілер — Никита Духов, Антон Скоснягин, Елдар Жолдықанов және Ақжол Қуаныш шығып, команданың тактикалық схемасын өзгертті.
Жасалған ауыстырулар бірден нәтиже берді. Екінші тайм басталғаннан кейін небәрі 25 секунд өткенде Никита Духов оң қапталда қорғаушыны ығыстырып өтіп, допты Тимур Казанцевке ыңғайлы түрде шығарып берді. Ал Тимур қонақтар қақпасына дәл соққы жасап, есеп ашты — 1:0.
54-минутта Абылай Тоқтасын алаң иелерінің басымдығын арттырды. Мади Құдайбергеннің бұрыштамадан асырған добынан кейін ол баспен дәл соққы жасады — 2:0.
74-минутта қонақтар бір голмен жауап қайтарды. Алайда матч Шахтер U-17 командасының 2:1 есебіндегі жеңісімен аяқталды.
Бұл — команданың маусым басталғалы бергі қатарынан бесінші жеңісі.

Шахтёр
Ақтобе Жас
