Жаңалықтары академия

22 August, 11:54

«ШАХТЁР» АКАДЕМИЯСЫНДАҒЫ ІРІКТЕУ: 159 ҚАТЫСУШЫ ЖӘНЕ ЖЕТІ ЖАҢА ФУТБОЛШЫ

17-20 тамыз аралығында ФК «Шахтёр» академиясында 2013 және 2014 жылы туған футболшылар арасында іріктеу өтті. Төрт күн ішінде Қазақстанның әр өңірінен келген 159 жас футболшы Академияның жаттықтырушылар штабы мен басшылығына өз мүмкіндіктерін көрсетті.

Іріктеу әр жас санаты бойынша екі кезеңнен өткізілді. 17-18 тамыз күндері алаңға 2013 жылы туған 83 футболшы шықса, 19-20 тамызда 2014 жылы туған 76 ойыншы бақ сынады.

Әр іріктеудің алғашқы күніне 80-ге жуық жас футболшы қатысты. Академия мамандары ойыншылардың техникалық дайындығын, физикалық көрсеткіштерін, ойын сапасын және әлеуетін бағалады.

Бәсекелестік жоғары болды: екінші күнгі кезеңге әр жас санаты бойынша небәрі 20 ойыншы ғана өтті. Іріктеу қорытындысы бойынша Академияға жеті футболшы шақырылды - 2013 жылы туған үш ойыншы және 2014 жылы туған төрт ойыншы.

Академия үшін мұндай іріктеулер талантты футболшыларды іздеу және дамыту бағытындағы жүйелі жұмыстың маңызды бөлігі болып табылады. Өздерін көрсетуге мүмкіндік тек Қарағанды қаласының ғана емес, еліміздің әр түкпірінен келген жас футболшыларға да беріледі.

Академиядағы балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға акционері Тимур Русланұлы Турлов болып табылатын Freedom Holding Corp. қолдау көрсетеді. Бұл қолдау жас футболшыларды даярлау үшін қажетті жағдайлар жасауға және клуб жүйесін одан әрі дамытуға мүмкіндік береді.

 

Наверх