Футбол орталығы

20 November, 22:57

ҚАРАҒАНДЫДА «ШАХТЕР» ФУТБОЛ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

Қарағанды қаласында заманауи «Шахтёр» футбол академиясының құрылысы жалғасуда. Бұл — өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға жаңа серпін беретін ауқымды оқу-жаттығу орталығы.

Болашақ Академияның аумағы 9,61 гектарды құрайды, ал ғимараттардың жалпы ауданы 28 мың шаршы метрден асады. Жоба халықаралық стандарттарға сай келетін футбол орталығын құруды көздейді. Инфрақұрылым құрамына мыналар кіреді: 3500 көрерменге арналған стадион, жыл бойы жаттығуға арналған жабық манеж, жылытылатын толық өлшемді футбол алаңы, ұлдар мен қыздарға арналған интернат, оқу сыныптары, тренажёр залдары, медициналық кабинеттер, асхана, душ, сауна және бассейні бар әкімшілік-тұрмыстық кешен, сондай-ақ 300-ден астам автокөлікке арналған тұрақ.

«Шахтёр» Академиясы құрылыс учаскесінің бастығы Тахир Ярмұхамедұлы Ходжамбердиевтің айтуынша, жобаны 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Қазіргі уақытта құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүргізілді: аумақ қоршалды, құнарлы топырақ қабаты алынды, топырақ тығыздау жұмыстары орындалды, іргетас пен трибуналарға негіз дайындау басталды. Құрылыс барысында қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударылып, жауапты органдар тарапынан тұрақты бақылау жүргізілуде.

Академия болашақта «Шахтёр» футбол клубы ойыншыларын даярлаудың орталығына айналып, өңірдегі балалар-жасөспірімдер және әйелдер футболының дамуына жаңа серпін береді. «Шахтёр» футбол академиясының құрылысы — мемлекет пен жеке сектордың өзара тиімді ынтымақтастығының, сондай-ақ Қарағанды облысы жастарына қолайлы спорттық жағдай жасауға бағытталған нақты қадамның көрінісі.

Наверх