Бекежан Ардақұлы — медиа-директор

Бекежан Ардақұлы Қарағандыдағы «5 арнада», «Сарыарқа» хоккей клубының баспасөз қызметінде, «Қазспорт» телеарнасында редактор болып жұмыс істеген. Сонымен қатар QJ League медиа құрылымында баспасөз атташесі қызметін атқарды. «Шахтер» футбол клубында медиа-директор лауазымын атқарып, клубтың медиа бағытының жұмысын үйлестіреді.
Данияр Ахметов — медиа-офицер

Данияр Ахметов KazFootball.kz порталының бас редакторы қызметін атқарған, сондай-ақ «Қайрат» футбол клубы академиясында QJ League медиа-офицері болып жұмыс істеген. «Шахтер» клубында жас футболшылар мен QJ League-де өнер көрсететін командаларға қатысты медиаконтент әзірлеумен айналысады.
Асем Ахмет — Head of SMM

Асем Ахмет — футболды жан-тәнімен сүйетін, спорттық журналистика мен цифрлық медиада мол тәжірибесі бар маман. Ол кәсіби жолын футбол жаңалықтарына арналған қауымдастықтардан бастап, осы салада өзін таныта білді.
Әр жылдары «Ақтөбе» футбол клубында және KazFootball.kz порталында жұмыс істеп, белгілі бір кезеңде бас редактор қызметін атқарды. QJ League құрылған сәттен бастап лиганың медиа-командасының құрамында болды, ал 2023 жылы Meta-ratings.kz порталына қосылды.
Қазіргі таңда «Шахтер» футбол клубында клубтың әлеуметтік желілерін дамыту стратегиясына жауап беріп, Head of SMM қызметін атқарады.
Жанболат Акимов — негізгі команданың SMM маманы

Жанболат Акимов бұған дейін «Ақтөбе» футбол клубында SMM маманы болып еңбек еткен. «Шахтерде» негізгі командамен жұмыс істеп, клубтың әлеуметтік желілерін жедел әрі сапалы контентпен толықтыруға жауап береді.
Аблай Еркеш — маркетинг менеджері

Аблай Еркеш маркетингтік жобаларды жүзеге асыруға, серіктестік бағдарламаларды дамытуға және «Шахтер» футбол клубының брендін нығайтуға бағытталған коммерциялық бастамаларға жауапты.
Саят Аугалиев — маркетолог

Саят Аугалиев — QJ League-дің алғашқы маусымынан бастап жұмыс істеп келе жатқан маркетолог. «Шахтер» футбол клубында маркетингтік стратегияларды және клубтық жобаларды іске асыруға қатысады.
Жүрсін Әуезхан — графикалық дизайнер

Өткен маусымда Жүрсін Әуезхан QJ League дизайнерлер байқауының жеңімпазы атанып, жас футболшылардың дамуын бейнелейтін лига философиясына сай ойын формасы мен мерчтің авторлық дизайнын ұсынды. «Шахтер» футбол клубында клубтың визуалды айдентикасы мен графикалық дизайнына жауап береді.
Жумабеков Мейрам — копирайтер

Жумабеков Мейрам екі жыл бойы QJ League медиа-офицері ретінде «Шахтердің» жасөспірімдер командаларын ақпараттық тұрғыда сүйемелдеді. Қазіргі уақытта клубтың ресми сайтының жаңалықтарын дайындап, копирайтер қызметін атқарады.
Антон Лысяк — медиа және маркетинг блогының жетекшісі

Қарағандылық клубта медиа және маркетинг бағытын қазақстандық маман Антон Лысяк басқарады. Ол бұған дейін «Қайрат» клубында жұмыс істеп, Лейпциг қаласында білім алғаннан кейін «Тобыл» футбол клубы мен «Астана» баскетбол клубында медиа және маркетинг бөлімдерін басқарған. Соңғы үш жылда Антон Лысяк QJ League жобасында медиа және маркетингті дамытуға жауапты болды.
Алда «Шахтер» футбол клубын ауқымды міндеттер мен ұзақмерзімді мақсаттар күтіп тұр. Осы жолда медиа-команда олардың орындалуында шешуші рөл атқарады. Ашық диалог, сапалы контент және командалық бірлік арқылы ол болашаққа нық қадам басқан, тарихын құрметтейтін әрі жанкүйерлерімен бір тілде сөйлей алатын клубтың бейнесін қалыптастыруды жалғастырады.

Шахтёр
Түркістан



