Клуб жаңалықтары

18 June, 17:00

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ - БАСТЫ НАЗАРДА!

Бүгін «Шахтер» футбол клубында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кезекті іс-шара өтті. 

   «Шахтер» футбол клубы сыбайлас жемқорлық көріністеріне ашықтық пен төзбеушілік қалыптастыруға ұмтылады. Бүгін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелеріне арналған кезекті отырыста комплаенс-офицер Н.Е.Сухорукова «Шахтер» ФК қызметкерлерін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелерімен таныстырды. Ұжым қызметкерлерінің қызметіндегі ашықтық пен айқындық, сондай-ақ «Шахтер» ФК қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ерекше назар аударылды. Бұл бағыттағы жұмыс жоспарлы түрде жалғастырылатын болады.

Наверх