— Ең алдымен, жақсы ойын көрсеткен «Ордабасы» командасына алғыс айтқым келеді. Менің ойымша, матч тең дәрежеде өтті. Біз өз мүмкіндіктерімізді тиімді пайдалана алдық, ал қарсылас барлық сәттерін голға айналдыра алған жоқ.
Ойын жоғары қарқында өрбіді, тік бағыттағы шабуылдар мен жылдам ауысулар көп болды. Біз мұндай ойын өрнегіне дайын едік, себебі осы кездесуге тыңғылықты дайындалдық. Қарсыласымыз чемпионаттағы ең мықты командалардың бірі болды, сондықтан олардың ойын стиліне бейімделіп, лайықты деңгейде өнер көрсеткенімізге қуаныштымын.
Бірінші таймда шабуылдың соңғы бөлігінде қауіпті сәттер көп болған жоқ. Дегенмен, біз ойын барысын бақылауда ұстап, ауысу фазаларында сапалы әрекет еттік және қарсыластың тік бағыттағы ойынына сәтті қарсы тұрдық. Алғашқы таймға қойылған міндеттерді команда толық орындады деп есептеймін.
Екінші таймда «Ордабасы» тарапынан қысымның күшейетінін және тік бағыттағы шабуылдардың көбейетінін күттік. Бұл болжамымыз расталды. Соған қарамастан, біз бұл компонентте қарсыластан кем түскен жоқпыз және ойын тәртібін сақтай білдік. Соның нәтижесінде жеңіске қол жеткіздік.
Тағы да қайталап айтамын, менің субъективті пікірім бойынша ойын тең дәрежеде өтті. Кездесудің тағдырын сәттерді тиімді пайдалану және шешуші эпизодтардағы тәртіп пен ұйымшылдық шешті.

Шахтёр
Жайық

