Клуб жаңалықтары

1 May, 20:50

БАС БАПКЕР АНДРЕЙ ФИНОНЧЕНКОНЫҢ ОЙЫННАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ

«Тобыл» М командасын 3:0 есебімен сенімді түрде жеңгеннен кейін «Шахтер» клубының бас бапкері Андрей Юрьевич Финонченко өткен матч туралы өз ойымен бөлісті:

— Ең алдымен команданы және жанкүйерлерімізді жеңіспен құттықтағым келеді. Барлық жігіттер — жарады. Біз ойынға мұқият дайындалдық, қарсыласты талдадық. Қарсыласқа да құрмет көрсету керек — бұл жақсы ұйымдасқан команда.

Ойыншылар матчқа берілген тапсырманы толық орындады, соның нәтижесінде осындай нәтиже тіркелді. Бірінші тайм біздің сценарий бойынша өткен жоқ, алайда үзілістен кейін қажетті түзетулер енгізіп, ойын барысын өз пайдамызға өзгерттік.

Бүгін командаға қолдау көрсетуге келген жанкүйерлерге ерекше алғыс білдіремін. Олардың саны көп болды және қолдауы анық сезілді. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын!

Наверх