— Ойын оңай болған жоқ, толықтай жанкештілікті талап етті. «Тобылдың» жастар командасы — жақсы дайындалған, ойын құрылымы жүйелі қарсылас. Олар допты төменде жақсы ұстап, сауатты ойнайды. Бұған қоса ауа райы да әсер етті — аптап ыстықта ойнау оңай болмады.
Соған қарамастан, команда мінез көрсетті, жоғары қарқынды сақтап, қажетті нәтижеге қол жеткіздік. Бапкерлер штабының тапсырмасын толық орындадық, ал екінші таймда ойынды күшейтіп, өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асырдық.
Гол соққан сәтте мен Рифат Нұрмұғаметке пас бергім келді, бірақ доп сәл қиылып кетіп, желдің көмегімен қақпаға кіріп кетті. Футболда кейде осындай сәттер болады, мұнда сәттіліктің де рөлі бар.
Біз маусымды бірінші орында аяқтау үшін бар күшімізді саламыз. Жанкүйерлерге үлкен рахмет — бүгінгі қолдау ерекше болды және бүкіл ойын бойы сезілді.
Бұл голымды трибунада отырған жұбайыма арнаймын. Ол әрдайым мені қолдап жүреді, бұл мен үшін өте маңызды!

Шахтёр
Экибастуз
