Жаңалықтары академия

18 April, 18:08

«ШАХТЕР» U-18 КОМАНДАСЫНЫҢ БАС БАПКЕРІ ИГОРЬ АЛЕКСАНДРОВИЧ СОЛОШЕНКОНЫҢ МАЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ

Ең алдымен барлық жанкүйерлерді QJ League маусымының басталуымен құттықтағым келеді. Бұл турнир жас ойыншылардың дамуына үлкен мүмкіндік береді. Кеше де мереке болды – негізгі команда «Батырды» 4:0 есебімен жеңді! Сондықтан баршаңызды клуб үшін маусымның сәтті басталуымен құттықтаймын.

Матчқа келер болсақ, қызықты ойын болды, «Тараз» командасы лайықты қарсылас екенін көрсетті. Бірінші таймда бәрі бірдей ойдағыдай шыққан жоқ, мұны ойын алдындағы толқумен байланыстырамын. Соған қарамастан, жігіттерге алғыс айтқым келеді – олар дайындық кезеңінде өте үлкен әрі сапалы жұмыс атқарды, жаттығуларға жан-тәнімен беріліп, зор ынтамен еңбектенуде. Сондықтан жеңіске жеткенімізге қуаныштымын. Стандартты жағдайлар өз нәтижесін берді.

Маусымға қойылған мақсат – QJ League чемпионатын жеңу, жас футболшыларды дамыту және оларды «Шахтердің» негізгі құрамына әрі ұлттық құрамаға дайындау.

Баршаңызды тағы да жеңіспен құттықтаймын!

Наверх