— Алғаш болып гол жіберіп алдық, сондықтан есепті теңеуге тура келді. Өткізіп алған доптан кейін команда сағын сындырған жоқ. Жігіттер жігерленіп, соңына дейін күресті. Маған гол соғып, командама көмектесу бұйырды. Командаға маңызды ұпай әкелуге үлес қосқаныма қуаныштымын. Енді әр матчқа тыңғылықты дайындаламыз. Бұл маусымдағы мақсатымыз – тек ең жоғары нәтижеге қол жеткізу.



