— «Қыздарымызды» лайықты жеңісімен құттықтаймын! Бұл матчқа тыңғылықты дайындалдық, қарсыластың ойынын жан-жақты талдадық. «Ертіс» командасы – ұйымшыл, тартысты әрі қайсар ұжым. Кездесудің басым бөлігінде ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық. Дегенмен қарсылас қорғаныста өте сенімді ойнап, бізге оңай мүмкіндік бере қойған жоқ. Соған қарамастан әр таймда бір-бір голдан соғып, жеңіске жеттік. Есеп айырмасын ұлғайтуға мүмкіндік болған сәттер де кездесті, алайда олардың барлығын тиімді пайдалана алмадық. Қарсылас командаға тартысты ойын үшін алғысымды білдіремін. Ал қыздарымызға алаңда бар күш-жігерін салып, соңына дейін күрескендері үшін үлкен рақмет. Команданы маңызды жеңісімен тағы да құттықтаймын!

Академия Онтустик
Шахтёр

