Жаңалықтары академия

29 June, 14:31

РАФАЭЛЬ ХАМИДУЛЛОВТЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ:

— Матч үшін қарсыласқа алғыс айтамын. «Каспий» бізге белгілі бір қиындықтар туғызды. Бірінші таймда команданың жалпы қозғалысына көңілім толмады. Тек енгізілген түзетулерден кейін ғана ойынның сипаты өзгерді. Кей сәттерде біз жақсы көріндік, ал кей кезеңдерде ойынымыз төмендеді. Матч бойы тұрақты ойнау қажет. Бұл кездесуді талдап, қорытынды шығарамыз.

Алда «Қайратпен» маңызды ойын күтіп тұр. Ашығын айтсақ, қарсылас өте қиын. Біз дайындаламыз, матчқа оңтайлы формада келіп, барымызды салуға тырысамыз. Ал нәтижені ойынның өзі көрсетеді.

Наверх