— «Жас Қыран» командасына тартысты әрі жанкешті ойын үшін алғысымды білдіремін. Қарсылас тік бағыттағы футбол көрсетті, сондықтан матч өте қиын өтті. Қақтығыстар мен жекпе-жектер көп болды, бірақ біз жеңіске жете алдық. Команданың жігері жоғары. Әр матчта жеңіске жетіп, мүмкіндігінше көп гол соғып, командаға нәтиже әкелуді мақсат етеміз.




