Клуб жаңалықтары

1 August, 19:59

МИРАС КӨБЕЕВТІҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ СҰХБАТЫ

- Қарсыласымыз жақсы ойын көрсетті. Оларға ойын үшін рақмет. Бірінші тайм біз үшін сәл қиын өтті. Бірақ үзілістен кейін алаңға барынша жинақы шығып, өз нәтижемізге қол жеткіздік. Ең бастысы - үш ұпайды еншіледік.

Көңіл күйім өте жақсы. Жарақатыма байланысты ұзақ уақыт алаңнан тыс қалдым. Қалпыма келуге бір жарым жылдай уақыт кетті. Алаңға қайта оралғаныма өте қуаныштымын.

Маған сенім артқан бапкерлер штабы мен клуб басшылығына алғысымды білдіремін. Сол сенімді ақтау үшін бар күш-жігерімді саламын.

Наверх