Клуб жаңалықтары

22 July, 11:21

КАПИТАН АЛЕКСАНДРА НАБОКОВАНЫҢ МАТЧТАН КЕЙІНГІ ПІКІРІ

Александра Набокова – «Астана» W командасының қақпасына соғылған екінші голдың авторы.

— Команда бүгін бар күшін салды. Мінез көрсеттік, әр ойыншы алаңда барынша жанкештілік танытты. Ең бастысы – соңғы минутқа дейін күресіп, бір-біріміз үшін ойнадық. Осы үшін бүкіл командаға алғыс айтқым келеді.

Маусымның басы біз үшін оңай болған жоқ, өйткені осындай жоғары деңгейдегі жарысқа алғаш рет қатысып жатырмыз. Дегенмен әр ойын сайын ересектер футболына бейімделіп келеміз.

Қазір құрамымыз тәжірибелі ойыншылармен толықты. Олар командаға тез сіңісіп, ұжымға үлкен пайдасын тигізіп жатыр.

Бұл жеңіс біз үшін психологиялық тұрғыдан өте маңызды болды. Енді осы қарқынды сақтап, алға жылжи береміз!

Наверх