- «Жас Қыран» командасын жеңісімен құттықтаймын. Бірінші таймда ойын тізгінін өз қолымызда ұстадық, бірақ шабуылдардың шешуші сәтінде дәлдік жетіспеді. Бірінші таймның соңында жіберіп алған гол ойынның тағдырын өзгерткен сәт болды. Осыдан кейін жігіттер бастаманы қарсыласқа беріп қойды, бұл өз кезегінде матчтың қорытынды нәтижесіне әсер етті.



