— Ең алдымен жігіттерге алаңдағы толық берілгендігі мен көрсеткен мінезі үшін алғыс айтқым келеді. Бұл өте қиын, тартысты әрі нағыз күреске толы матч болды.
Ойын алдында құрамға байланысты қиындықтар болды — екі орталық қорғаушымыз жарақатына байланысты кездесуге қатыса алмады. Алайда олардың орнына шыққан футболшылар өз міндеттерін жақсы орындап, өздеріне үйреншікті емес позицияларда да сенімді ойын көрсетті.
Біз бұл кездесуге өте жауапкершілікпен дайындалдық. Дайындық барысында арнайы бағытталған микроциклдер өткізілді, ойыншылар жоғары жүктемемен жұмыс істеді — көлем жағынан әдеттегі көрсеткіштерден екі есеге жуық көп жұмыс атқардық. Бұл оңай болған жоқ, бірақ жігіттер мұндай дайындықтың болашақта қарқындылықты арттыруға және маусым бойы тұрақты деңгейде өнер көрсетуге мүмкіндік беретінін түсінді.


Шахтёр
Арыс


