— Матч мазмұны мен өту барысы жағынан өте тартысты әрі оңай болған жоқ. Бірінші таймды жақсы өткіздік, алайда екінші таймда бірнеше гол соғатын мүмкіндіктерді пайдалана алмадық. Пенальтиден гол жіберіп алдық, соның салдарынан ойынның соңғы минуттары өте шиеленісті өтті. Соған қарамастан, жігіттер матч жоспарын сақтай білді.
Допты тартып алғаннан кейінгі өтпелі фазада бәрі бірдей ойдағыдай шықпады — шабуылды дамытуда асығыстық таныттық. Жылдам қарсы шабуыл мен позициялық шабуылға көшудің арасындағы тепе-теңдікті жақсырақ сақтау қажет болды. Ойын біресе жылдам, біресе баяу темппен өтті, әсіресе командаға позициялық шабуыл құруда тұтастық жетіспеді.

Шахтёр
Экибастуз
