— Жеңіске көбіне мінездің және матч жоспарын нақты орындаудың арқасында жеттік. Қарсыласты мұқият зерттеп, «Ертістің» ойынын жан-жақты талдап, осы кездесуге мақсатты түрде дайындалдық. Гол соғу сәттерін жүзеге асыру жақсы деңгейде болды, ал өтпелі фазаларда команда біздің тапсырмаларымызды дәл орындады.
Екінші таймда ойын шиеленісті өтті. Әрине, 3:0 есебінен кейін жігіттер сәл босаңсып, гол жіберіп алды да, өздері-ақ жүйкеге салмақ түсіретін ойын соңын жасап алды. Мұндай жағдайдан қашуға болар еді.
Жалпы алғанда, команда «шахтерлік» мінез көрсетті, ойын жоспарын орындады және нағыз күрескерлік қасиеттерін танытты.
Команданы қолдау үшін 500 шақырым жол жүріп келген жанкүйерлерімізге ерекше алғыс білдіремін. Футбол — жанкүйерлер үшін ойналатын ойын.
Баршаңызды жеңіспен құттықтаймын!

Шахтёр
Экибастуз
