— Барлық жанкүйерлерді жеңіспен құттықтаймын! Ойын өте тартысты өтті. Біздің ойыншы алаңнан қуылғанға дейін команда матч барысын толық бақылауда ұстап, қойылған міндеттерді сенімді түрде орындады.
Өкінішке қарай, ойыншының алаңнан қуылуы кездесудің өрбуіне әсер етіп, ойынның соңғы бөлігін қиындатып жіберді. Жігіттерге мінез-қайраты, жанкештілігі және тәртіпті ойыны үшін алғысымды білдіремін. Қарсыластың қатты қысымына қарамастан, олар төтеп беріп, матчты лайықты жеңіспен аяқтай алды.
Командаға атқарған еңбегі үшін, ал жанкүйерлерге қолдауы үшін үлкен рақмет! Алға қойған мақсаттарымызға бірге жетеміз!

Шахтёр
Жайық

